Category Archives: Жаңалықтар
Республика күні!
Республика күні – мемлекеттің символын айқындайтын маңызды мереке. Бала кезінен бастап балаларды Отанға деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерге, ұлттық және мемлекеттік мерекелерге құрметпен қарауға баулу маңызды. 21 қазан күні мектебімізде 1-11 сыныптары арасында «Менің елім-Қазақстан», «Елімнің ертеңі – еңселі», «Ата-баба жері … Continue reading
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар!
Сіздерді Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!Сіздерге өркендеу мен амандық тілеймін! Бізді алдымызда елдің бақытты болашағының берік кепілі болатын жаңа асулар мен жетістіктер ғана күтсін! Әр шаңыраққа бақ дарып, ырыс ұяласын! Елімізге тыныштық, халқымызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс, игілікті ғұмыр тілеймін! … Continue reading
16.10.2023 ж күні Жетекші мектеп жұмысы аясында № 12 мектебінің мұғалімдерімен «Lesson Study және Action Research» тақырыбында кездесу өтті.
Ұстаздар, оқушылар және ата-аналар назарына!
Өздеріңізге белгілі, жыл сайын ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілген оқулықтар тізімін бекітеді. Республикалық білім мазмұнын сараптау орталығы – аталған оқулықтарды мемлекеттік сараптамадан өткізумен айналысатын бірден-бір ұйым. Орталықтың ресми сайты – BMSO.EDU.KZ Ал … Continue reading
«111 – AMANAT»
16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады. Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін. Азаматтарға қажетті көмек … Continue reading
Құттықтаймыз!!!
2 қазан күні Ақтау қаласы жалпы білім беру ұйымдары арасында » ұйымдастырылған үстел теннисінен №13 гимназиясының командасы жүлделі І орынды иеленді. Спартакиадаға қаламыздан 20 команда қатысты. Тартысты өткен додада мықтылар анықталды.
Құттықтаймыз!
Педагогтер арасында ұйымдастырылған “Climbing” облыстық туристік сайысынан Ақтау қаласы атынан шыққан мектебіміздің N13 гимназиясының ұстаздары жүлделі І орынды иеленді!
Құттықтаймыз!
Қалалық “Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі” олимпиадасынан мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Сейниханова Айжан жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды! Сәттілік тілейміз!
Бүгін, 12.10.23ж. күні мектебіміздің қызметкерлерінің қатысуымен жемқорлықтың алдын алу және болдырмау мақсатында жиналыс өтті. Жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және ұжымдарда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыру туралы мәселелер қаралды. Мектеп басшысы ұстаздарға педагогикалық әдеп, мұғалімнің этикасы … Continue reading