Category Archives: Жаңалықтар
Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі Орта білім комитетіне сілтеме жасап. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. … Continue reading
Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.
Наурызнаманың онкүндігіне сай 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Ұлттық киім – қай ұлттың болмасын салт-дәстүрі мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Оған жай киім ретінде емес, бүтін бір ұлттың бет-бейнесін айқындайтын мұра, сан ғасырлық тарихы бар көркем туынды деп қарауымыз керек. … Continue reading
Мектебімізде онкүндік аясында аз қамтылған және ата-ана қарауынсыз қалған балаларға көмек көрсету мақсатында бастауыш сынып пен жоғары буын оқушыларының ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шараға оқушылар мен мұғалімдер белсене қатысып, қажетті заттар мен азық-түлік жинады. Жиналған көмек мұқтаж отбасыларға таратылып, … Continue reading
18 наурыз -Ұлттық киім күні Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді. 18 … Continue reading
17 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес, 17 наурыз – Шаңырақ күні болып белгіленді. Қазақ мәдениетінде шаңырақтың орны ерекше. Шаңырақ – көк аспан, шаңырақ – үй-жай, шаңырақ- отбасы, тірек, шаңырақ – бақуаттылық пен қауіпсіздік және ұрпақтар сабақтастығы. Ол – … Continue reading
14 наурыз – Көрісу күні Амал күні – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Бұл күннің өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын тағылымы мол. Аталған … Continue reading
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 7 наурыз күні мектебімізде «Әйел тіршіліктің шырайы, отбасының шырағы» атты салтанатты мерекелік шара өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың символы аяулы аналар мен қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен … Continue reading
Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарындағы 1-11 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 03 наурыз күнгі сабақтары қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз!