Category Archives: Жаңалықтар
Құрметті әріптестер,ата-аналар мен оқушылар! Көктемнің алғашқы күнімен келіп, көңіл тыныштығын сыйлайтын жарқын мереке – Алғыс айту күні құтты болсын! Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, … Continue reading
21.11.2024 күні Достық үйінде «Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу» жастар форумы өтті. Форумға 8 сынып оқушылары және кәсіби бағдар жетекшісі Алқабаева Айна Мерекеқызы қатысты. Бұл шара қоғамда қажет ететін жұмысшы мамандықтарын оқушыларға қызықты ақпараттар бере отырып дәріптеу. 8-10 сыныптарға арналған шараның мақсаты жұмысшы мамандықтарының қадірін арттырып, жастарды кәсіби білім алуға ынталандыру мақсат етеді.
ХАБАРЛАНДЫРУ! Маңғыстау облысы білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «N13 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы N57 бұйрығын негізге ала отырып, 2024-2025 оқу жылына бос лауазымдық орынға қажетті мамандар қабылдауға конкурс өткізетіндігін жариялайды. Конкурсқа құжаттар қабылдау Ұлттық білім беру деректер қоры сайты арқылы жүзеге асырылады. Құжат қабылдау уақыты: 27.02-11.03 күндері аралығында; Дефектолог-логопед (тұрақты); (жалақысы -100000-120000тг.) Мектеп психологы (тұрақты); (120000-130000тг) Профориентолог (тұрақты) – жалақысы 120000-130000) Төмендегі құжаттар тізбесі бойынша рәсімделеді. 1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін); 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса); 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген). 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8)наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса); 10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты – 60-65 балл; 11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады. 12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. 13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Құрметті ата-аналар! Ауа-райының қолайсыздығына байланысты балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарындағы 1-11 сынып оқушылары үшін ағымдағы жылғы 27 ақпан күнгі ІІ кезең сабақтары және 28 ақпан күнгі сабақ қашықтықтан оқытылатынын хабарлаймыз!
Хабарландыру!!! 14.02.2025жыл мектеп кітапханасында “Балалар кітапханасы”жобасы аясында “Шын жүректен кітап сыйла”тақырыбынды челлендж ұйымдастырылады. Мақсаты: Мектептегі ұстаздарды ,білім алушыларды ,кіші қызметкерлерді мектеп кітапханасына кітап сыйға беруге жұмылдыру арқылы кітапхана өмірін жандандыруға күш салу,әр адам өз оқыған кітаптарын өзгелерге сыйға беру арқылы … Continue reading
15 қаңтар күні күні «Welcome to English week» тақырыбында ағылшын тілі апталығының ашылуы өтті. Апталықтың мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілін мемлекеттік білім беру стандарты бойынша меңгергендігін бақылау, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту. Аптаның алғашқы күнінде апталықтың ашылуы қызықты … Continue reading
Биыл облысымызда тұңғыш рет тұрақты тірек мектептер желісін құрып, білім саласындағы үздік тәжірибелер алаңына айналдыру мақсатында Отпан жобасын іске қосылды. Жоба аясында мектептермен 3 бағыт бойынша жұмыс атқарылады. Алдымен мектептердің материалды-техникалық базасы жаңартылады. Екінші бағыт – ұстаздардың біліктілігін арттыру. Бұл … Continue reading
Құттықтаймыз!
Әріптесіміз бастауыш пәні мұғалімі Еңсегенова Жанбота Серікқызын докторонтура грантын жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! ЖЖОБКҰ атауы: Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті Білім беру бағдарламасы: тобының атауы: Педагогика және психология Докторантурадағы даярлау бағыты: Философия докторлары (PhD)
Құттықтаймыз!
26-қараша күні білім алушылардың «Climbing» облыстық туристік сайысы өтті. Мектебіміздің “Отпан” командасы жүлдеді ІІ орынды иеленді. Сайыстың мақсаты: білім алушылардың туристік-спорттық дайындығын дамыту және туристік сайысты насихаттау. Жас туристер үйірмесінің жетекшісі: Кемалов Бекбол Шын жүректен құттықтаймыз