Category Archives: Жаңалықтар
25 қазан “Республика күні” мерекесіне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты»атты ұранымен мектебіміздің 11”Ә” сынып оқушылары қарттар үйіне барып , ата-әжелерді құттықтап қайтты. Шараның мақсаты қарттарымызды қадірлеу, жас буынға үлкенді сыйлауды ұғындыру, ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрімізді дәріптеу. Балалар 100 ге жуық үлкен … Continue reading
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин (1894-1938) туғанына 150 жыл толуына орай 4”А”сынып оқушылары Ақтау қаласы N8 кітапханасына танымдық өрісін кеңейту … Continue reading
“N13гимназиясы” КММ-де бүгін 08.10.2024ж. күні бракеражды комиссия мүшелері мен мектеп асханасының санитарлық жағдайы тексерілді. Тексеру барысында асхананың азық-түлік сертификаттарын, асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшаларын, тамақтың сапасы мен мөлшері қаралды. Тамақтың мөлшерін тексеру барысында артық немесе кем болмауы жөнінде ескертулер айтылды.Асхананың іші … Continue reading
Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді. Ұстаз – шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау – адамгершіліктің белгісі. Ұстаздарға арналған ұлағатты сөздерді жалғастыра берсек, даналық … Continue reading
Құрметті оқушылар!
Егер сіз көшбасшылық қасиеттеріңізді көрсетіп,мектебіміздің өміріне оң өзгерістер енгізуді қаласаңыз,мектеп Президентіне үміткер болуға шақырамыз! Үміткерлерге қойылатын талаптар: 8-10 сынып оқушысы болуы қажет; Жоғары оқу үлгерімі; Көшбасшылық қасиеттері бар; Жауапкершілікті және адалдықты жоғары бағалайтын; Мектеп өміріне белсене қатысушы; Үміткерлікке өтініш беру … Continue reading
АТА-АНАЛАР МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
Құрметті, ата-аналар және оқушылар! Сіз(дер)ді төмендегі заң бұзушылықтарды болдырмауға және алдын алуға шақырамыз! Мереке қарсаңында әлеуметтік мессенджерлер арқылы арнайы топтық чаттар ашылып,ақша жинау туралы әңгімелер айтылған жағдайда тосқауыл қойып,мектеп әкімшілігіне хабарлауға; Ата-аналар мен оқушылар болып ақша жинап, мұғалімдерге сыйлық жасау … Continue reading
Құттықтаймыз!
Мектебімізде 1-ші қазан күні республикалық “Алтын сақа”олимпиадасының бірінші мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиада 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды. 5 -сынып бойынша 15 оқушы, 6- сынып бойынша 7 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І, ІІ, ІІІ орындар берілді. Жүлдегерлерге қалалық кезеңге сәттілік … Continue reading
Бүгін, 01 қазан күні ұстаздар мерекесіне орай мектебімізде дублер күні ұйымдастырылды. Бұл күні мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мен 11 сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырды. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін арттыру … Continue reading
Құттықтаймыз!
Республикалық «Үздік педагог – 2024» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық кезеңге жіберілді «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы … Continue reading
Құттықтаймыз!
Қалалық «Үздік педагог – 2024» конкурсында мектебіміздің биология пәні мұғалімі Мырзабекова Бахтыгүл Мұстахиевна және тарих пәні мұғалімі Сейниханова Айжан Салимовна үздік атанды. Конкурстың мақсаты педагогтің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістіктерін, оқушыларының оқуы мен тәрбиесі және дамуының нәтижелерін, педагогтің белгілі … Continue reading